Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды .

Денсаулық сақтау министрлігі сотталғандарды жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізімін кеңейтуді ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сотталғандар арасында өлім-жітімді азайту және ауыр науқастардың денсаулығын сақтау мақсатында жазадан босатуға негіз болатын аурулардың тізімін өзектендіру мақсатында тиісті жоба әзірленді", – делінген құжатта.

Жазадан босатуға негіз болатын аурулардың тізімі келесі дерт түрлерімен толықтырылып отыр:

– бауыр циррозы;

– созылмалы бүйрек ауруы;

– ауыр дәрежедегі созылмалы өкпе ауруы, сондай-ақ гормонға тәуелді аурулар.

Құжат жобасы 2025 жылғы 5 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.