Астанада 2025 жылдың басынан бері 52 бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде 39 жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жатқызылған, ал 13 оқиға қайғылы жағдаймен аяқталған

– Жыл басынан бері Астанада балалардың терезеден құлап кетуінің 52 оқиғасы тіркелді, салдарынан 39 жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, ал 13 бала қайтыс болды, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс жағдайлардың негізгі себептерінің бірі – терезелерге қорғаныс торлары мен блокаторлардың орнатылмауы, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру немесе үлкен балаларға қалдырып кету.