АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің алдағы кездесуіне орай, Вашингтон Мәскеуге қарсы енгізілген кейбір санкцияларды уақытша жеңілдетті.

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) арнайы №125 жалпы лицензиясын жариялады. Құжатқа сәйкес, АҚШ пен Ресей үкіметтері арасындағы Аляскада өтетін кездесуге қатысты белгілі бір операцияларға рұқсат беріледі.

15 тамызда Дональд Трамп пен Владимир Путин Аляскадағы әскери базада жүздеседі. Бұл кездесу жайлы алғаш рет 6 тамызда, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде Путинмен келіссөз жүргізгеннен кейін хабарланған.