Бұған катаклизмдердің әсері тиіп тұр.
Өйткені, қос президенттің кездесуі өтетін Аляскадағы атақты Менденхолл мұздығы ери бастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті билік тұрғындарды және жақын маңдағы елді мекендерді эвакуациялануға шақырып отыр.
Негізінен, мұздық қала орталығынан 20 шақырымға жуық жерде орналасқан. 2024 жылы су тасқыны кезінде 300-дей үй су астында қалып, зақымдалған еді.
Келіссөз ертең өтуі керек. Бірақ, оның нақты қай уақытта басталатыны белгісіз. Бірақ, катаклизмдер қос президенттің жолығуына айтарлықтай қаупін төндіріп тұр.
Осыған дейін АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп және Владимир Путиннің анық кездесетіні белгілі болды.
Күні кеше Трамп әлеуметтік желіге Ресей мен Украинаны татуластыра алмайтынын мойындағандай жазба қалдырды.
Бірақ Трамп қайткен күнде де Путин мен Зеленскийді бір үстел басына отырғызғысы келеді.