Әсіресе, ел астанасы Тегеранды ауызсу тапшылығы әбден қажытып бітті.
Бұл жайтты тіпті ел президенті Пезешкиан да айтып, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай қиыншылықты билік қатты құрғақшылықпен және жауын-шашын мөлшерінің күрт төмендеуімен байланыстырған.
Өз кезегінде Пезешкиан ирандық ғалымдар мен интеллигенциядан көмек сұрады.
– Бүгінде еліміз көптеген қиындыққа, яғни, су тапшылығы мен жер қабатының шөгуіне тап болуда. Себебі, біз "даму" деген сылтаумен ресурстар мен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті бұздық, – деп жабырқады ол.
Ол шілде айында да Тегерандағ су жағдайының күрделі екенін айтқан болатын.
– Елдегі су қоймалары тек 42 пайызға ғана толған. 2024 жылғы 22 қыркүйекте басталған гидрологиялық ахуалдан жыл басталғалы бері елдегі бөгеттерге 23,56 миллиард текше метр су жиналған, – дейді Иранның IRIB ақпарат агенттігі.
Тегеран су арнасы компаниясының 5-округтік бөлімінің бас директоры Мохаммад-Таги Хоссейнзаде ел астанасындағы су қоймаларындағы су қыркүйек айына дейін ғана жетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Сол себепті ол тұрғындарды суды үнемдеуге шақырып отыр. Мамандар елдегі су ресурстарының 80 пайызы ауыл шаруашылығында пайдаланылатынын айқан.
Deutsche Welle хабарлауынша, қазіргі құрғақшылық рекордтық аптап ыстықпен қатар келген. Кейбір өңірде температура 50 градустан асты. Тегеранда жауын-шашын мөлшері соңғы 60 жылда болмаған ең төменгі деңгейге жетіп отыр. Сарапшылар елдегі су қоймаларының 80 пайызы босап қалуға жақын екенін айтып алаңдаушылық білдіруде.