2026 жылдан бастап барлық шетелдік әлеуметтік желілер қазақстандық контент жасаушылардың табысы туралы ақпаратты салық органдарына міндетті түрде беруге тиіс болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл талап әсіресе вайнерлерге, блогерлерге және TikTok-та табыс табатындарға тікелей әсер етеді.
Яғни, желіден тапқан әр теңге енді жасырын қалмайды. Монетизация арқылы келген кірістер туралы деректер YouTube, Instagram, TikTok секілді платформалардан тікелей Қазақстанның салық органдарына жолданады.
Мамандар мұны көлеңкелі экономиканы азайту және салық түсімдерін арттыру қадамы деп бағалап отыр. Ал блогерлер болса, бұл жаңалықтан кейін табысына қатысты ашық есеп жүргізуге дайындалуы тиіс.