Оқыс жағдай Түркістан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Куәгер Шыңғыс Түсіпбаевтың айтуынша, бала ес-түссіз күйде үйдің күнқағарында жатқан.

2-қабаттағы пәтер тұрғыны оны төменге құлап кетпес үшін қолынан ұстап тұрған.

Сол сәтте өтіп бара жатқан адамдар көмекке жүгірген. Біреуі төменде жамылғымен дайын тұрса, тағы бірнеше жігіт 2-қабаттағы пәтерге кіріп, терезеден шыққан.

Абай есімді жігіт күнқағарға шығып, баланы ішке алып кірген.

Жедел жәрдем дәрігерлері балаға алғашқы көмек көрсетіп, оны ауруханаға алып кеткен.

Баланың анасы қатты шок алған.