Құрамамыз (U-22) жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.

Таиланд астанасы Банкгокта алғаш рет World Boxing ұйымдастыруымен өткен сары құрлық бәсекесінде Гүлназ Бурибаева Азия чемпионы атанды. Ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі финалда Гүлназ 4:1 есебімен Робияхон Бахтиеровадан (Өзбекстан) басым түсті.

Бақыт Сейдіш 4 дүркін Азия чемпионы атағына қол жеткізді. 70 келідегі ақтық сында Бақыт өзбекстандық Ойша Тоированы 5:0 есебімен жеңді.

Шұғыла Нәлібай Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 75 келідегі финалда Шұғыла Ци Баоға (Қытай) жол берді.

Әсел Тоқтасын Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Аса ауыр салмақтағы финалда Әсел үндістандық Ритикаға 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша U 22 Қазақстан әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.

Әзірге командалық есепте Қытай боксшылары көш бастап тұр. 2-орында Өзбекстан құрамасы. Дегенмен бүгін финалда тағы бір өзбекстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Егер алтын жүлдеге қол жеткізсе, Өзбекстан құрамасы 1-орынға көтеріледі.