Жер сілкінісі салдарынан шамамен 10 үй қирады .
Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында болған 6,1 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан бір адам қаза болды, деп хабарлайды Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD).
Түркияның батысында болған жер сілкінісі салдарынан шамамен 10 үй қирады.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая 81 жастағы тұрғынның қазасын растады. Ол қираған ғимараттың астынан құтқарушылар алып шыққаннан кейін көз жұмған. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 300-ден астам маман мен 79 техника жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады