Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness .kz сайты.

Қазақстан азаматы халықаралық террористік ұйымның қызметіне қатысы бар деген күдікпен ұсталып, Астанаға жеткізілді.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2025 жылдың 10 тамызында Таяу Шығыс елдерінің бірінде қолға түскен. Оны ҰҚК қызметкерлері Қазақстанға жеткізген.

Қазір ол ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.