Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен бірге АҚШ Президенті Дональд Трампты Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсыну мүмкіндігін қарастырып отырғанын мәлімдеді.
Бұл пікірін Ильхам Әлиев Вашингтонда Дональд Трамп және Никол Пашинянмен бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Мүмкін, Премьер-Министр Никол Пашинянмен келісіп, Нобель сыйлығы комитетіне ортақ бастама көтеретін шығармыз. Дональд Трамп бұл марапатқа әбден лайық, – деді Ильхам Әлиев.