Путин таяуда Мәскеуде АҚШ президентінің арнаулы өкілімен болған әңгіменің негізгі нәтижелері жөнінде мәлімет берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Владимир Путин таяуда Мәскеуде АҚШ президентінің арнаулы өкілімен болған әңгіменің негізгі нәтижелері жөнінде мәлімет берді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Ресейдің іскерлік туризмінің басты орталықтарының біріне айналды
Алдағы жоғары деңгейде өтетін екіжақты форматтағы, сонымен қатар халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесі қарастырылды.