7 тамыздағы доллар бағамы белгіленді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 539,38 теңге болып, 2,68 теңгеге өсті.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 7 тамыздағы ресми бағамы — бір доллар үшін 536,58 теңге.
kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 538,40 теңгеге, сату бағамы 540,49 теңгеге тең. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 537,53 теңгеден сатып алып, 544,53 теңгеден сатып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткені хабарланды. Кейін Ұлттық банк долларға қатысты ахуалды түсіндірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!