Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің көмегімен криптовалютамен заңсыз сауда жасағаны үшін іздестірудегі Қазақстан азаматын Дубайдан экстрадициялады.
Күдікті 2022-2024 жылдар аралығында тиісті лицензиясыз "Binance" криптобиржасының платформасында жеке тұлғалар үшін цифрлық активтерді сатып алу, сату және айырбастауды жүзеге асырып, 400 млн теңге сомасында заңсыз табыс тапқан.
Қылмыстық жауаптылықтан құтылу мақсатында күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Ағымдағы жылдың ақпанында ол Дубайда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.