Синоптиктер болжамы жарияланды.
Қазақстанның басы бөлігінде жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, ал кей аймақтарда шаңды дауылдар соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Синоптиктердің болжамынша, Астанада, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай мен желдің күшеюі болжанған.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Атырау мен Маңғыстауда ауа температурасы 38-40°С-қа дейін жетуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қазақстан азаматтары жұмысқа бір сағатқа кешігіп бара алады. Бұл жеңілдік қандай жағдайда беріледі
Таулы аймақтарда – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Абай облыстарында жауын-шашын мен найзағай болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15-28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.
Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, әсіресе таулы және дала аймақтарында абай болуға шақырады.