Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Орал қаласында Ш. Айталиев көшесінде орналасқан "Береке" сүт комбинатының аумағында ірі өрт шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 3 мың шаршы метр аумақты қамтыған өрт екі цехтың шатырынан басталған. Оның бірі – дайын өнім мен тоңазытқыш жабдықтар сақталған цех, екіншісі – балмұздақ өндіретін цех.
– Қазіргі уақытта құтқарушылар жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ, – делінген ведомство мәлімдемесінде.
Өрт кезінде шыққан қалың түтін қаланың әр түкпірінен көрінген. Тұрғындардың айтуынша, оқиға салдарынан ауа тарылып, тыныс алу қиындаған.
ТЖД мәліметінше, өрт сағат 16:38-де оқшауланды.