Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін Түрікместандағы « Аваза » конгресс-орталығына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты осы елдің Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды.