Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Астаналық "Барыс" хоккей клубы ресейлік маман Михаил Кравецтің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Михаил Кравец бапкерлік жолын 2001 жылы бастаған. КХЛ аясында "Витязь", "Амур", "Авангард" және "Куньлунь" командаларының тізгінін ұстаған тәжірибелі маман.

Мұның алдында клубта бас бапкер қызметін атқарған Ғалым Мәмбеталиевпен келісімшарт уақытынан бұрын бұзылды.

Биыл "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.

Жаңа бапкермен келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалды. Тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Жаңа маусымға арналған "Барыс" клубының жаттықтырушылар штабы төмендегідей:

Бас бапкер – Михаил Кравец

Бас бапкердің көмекшісі – Талғат Жайлауов

Шабуылшылар жаттықтырушысы – Александр Савченков

Қорғаныс жаттықтырушысы – Евгений Королев

Дене дайындығы жаттықтырушысы – Денис Малинин

Видео-талдау жаттықтырушысы – Сергей Тамбулов