Сараптама нәтижесінде алынған заттың 18 грамы – кептірілмеген қарасора, 34 грамы – кептірілген марихуана.
Жетісу облысында марихуана таратқан фитозертхана анықталды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
"Жедел бақылау нәтижесінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес заты салынған зип-пакеттер табылған екі қаптама снек сатып алынған. Сот сараптамасы бұл заттың марихуана екенін растады – салмағы 2,5 грамм", – делінген хабарламада.
Күдікті – 36 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны. Оның үйін тінту барысында мынадай заттар тәркіленді:
- шығу тегі белгісіз тұқымдар салынған жеті қаптама;
- қолдан жасалған шылым шегуге арналған құрылғы;
- қоңыр түсті ұнтақ салынған зип-пакет;
- тыңайтқыш құйылған жеті бөтелке;
- қарасораға ұқсас өсімдігі бар екі гүлсауыт.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында Балқаш көліне апаратын жол ашылды
"Сараптама нәтижесінде алынған заттың 18 грамы – кептірілмеген қарасора, 34 грамы – кептірілген марихуана. Сонымен қатар каннабис тектес өзге де заттар тіркелген. Тергеу барысында күдіктінің үйінде арнайы жарықтандыру құралдарымен жабдықталған, тыңайтқыштар пайдаланылған фитозертхана ұйымдастырғаны белгілі болды. Онда өсірілген өнім азық-түлік өнімдерінің арасына жасырып, тұтынушыларға өткізілген", – делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.