Тінту барысында олардан белгісіз ұнтақ заты салынған 58 орама табылып, тәркіленді .

Павлодарда полиция есірткі қылмысына қатысы бар алматылық екі тұрғынды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар Павлодардағы уақытша тұрып жатқан мекенжайынан ұнтақ зат салынған екі полиэтилен пакет, оқшаулағыш таспа, zip-lock қалташалар, магниттер, электрондық таразылар мен фольга алынған.

– Алынған заттарға қатысты сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдіктілерге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді. Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу және өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.