Қытайда тасқын құрбандарының саны 70-ке жетті. Тағы 30 адам із-түзсіз кеткен.
Ассошиэйтед Пресс агенттігі осылай деп хабарлады. Олардың айтуынша, қайғылы жағдай Бейжіңдегі қарттар үйінде болған. Онда су деңгейінің күрт көтерілуінен адамдар ғимарат ішінен шыға алмаған. Тұрғындарды эвакуациялау мүмкін болмағандықтан 31 адам опат болды. Судың тасуына бір аптадан бері толассыз жауын себеп болған. Бір тәулікте түскен жауын-шашынның мөлшері бір метрге жуықтады. Мамандар табиғат апатының жиілеуін климаттық өзгеріспен байланыстырады.