Астаналық спортшы конкурдан Сеулде өткен Азия федерациясының кубогында топ жарды, деп хабарлайды 24KZ. Ел намысын қорғаған небәрі 15 жастағы Малика Серік 100 см биіктіктегі кедергілерді еңсеріп, жасөспірімдер санатында алтын жүлде иеленді. Бұл оның халықаралық аренадағы алғашқы жеңісі. Кіл мықтылар бақ сынаған сайысқа 15 елдің шабандоздары қатысқан.
Малика Серік, ат спорты бойынша Азия федерациясы кубогының чемпионы:
- Жақында Кореядағы жарыста бірінші орын алдым. Бұл жарыстың жеңісі маған өте маңызды. Мұны көп жылдың еңбегі және жаттығудың, қолдаушылардың нәтижесі деп білемін.