Қазақстан көмірдің орасан зор қорына ие бола отырып, оны әлі отын ретінде ғана пайдаланып келеді. Көмірді терең өңдеу және технологиялық өсу мүмкіндігі жағынан артта қалуда. Сенатор Алтынбек Нұхұлы өзінің депутаттық сауалында осы мәселеге назар аударып, көмір химиясы саласын дамыту жолдарын ұсынды.