80 332 адам қауіпсіз жерге көшірілді .
Бейжің қаласында соңғы күндері нөсер жаңбыр жауып, су тасыды. Салдарынан 30 адам көз жұмды. Бұл туралы қалалық су тасқынына қарсы күрес штабы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиғалардың дені қаланың солтүстігіндегі таулы аймақтарда тіркелген. Оның ішінде Миюнь ауданында – 28 адам, Яньцин ауданында – 2 адам қаза тапты.
Табиғи апат салдарынан қала бойынша 80 332 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ең көп жауын-шашын Миюнь ауданында тіркеліп, 543,4 мм-ге жеткен.
Қатты жаңбырдан 31 жол учаскесі бүлінді, 136 ауылда электр қуаты үзілді.
Соңғы күндері Миюнь және басқа да аудандарла ауа райы салдарынан пайда болған экстремалды конвективті құбылыстар тіркелген. Оған субтропикалық антициклон әсер еткен.
Дүйсенбі күні кешкі сағат 20:00-де су тасқынына қарсы әрекет етудің ең жоғарғы деңгейі енгізілді.
Бейжің билігі тұрғындарды ағыны қатты өзендер мен қауіпті аймақтардан алыс жүруге шақырды.