Оларды ТЖМ құтқарушылары іздеп тапты .

Алматы облысы ТЖД күшімен Еңбекшіқазақ ауданындағы Ассы жазығында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Кеше кешке Ассы жазығына төрт азамат – 1995 жылы туған ер адам, 1995 жылы туған әйел адам, 1997 жылы туған ер адам және 2021 жылы туған бала шыққан. Олар кешке дейін үйлеріне оралмаған соң, туыстары дабыл қағып, көмек сұраған. Көліктің дөңгелегі бұзылып қалғандықтан, олар таулы жерде түнеуге мәжбүр болған", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Барлығы ТЖМ құтқарушылары тарапынан табылып, аман-есен туыстарына тапсырылды. Ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ.