Кейбір өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл және екпіні күшті жел, бірқатар облыста аптап ыстық пен төтенше өрт қаупі сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 28 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 28 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында, орталығында екпіні 23 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Орал қ.: 28 шілдеде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Қонаев қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 28 шілдеде найзағай күтіледі.
Атырау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 28 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 28 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 28 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 28 шілдеде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 28 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 28 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 28 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Астанада найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 28 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.