Зардап шеккендердің бірі соттан Ғайни Алашбаеваның денсаулығына байланысты жағдайын ескеріп, үйқамақта қалдыруды сұрады .

Ғайни Алашбаева қайырымдылық желеуімен жиналған ақшаны жымқыру және жылыстатуда қызы Перизат Қайратқа көмектескені үшін 7 жылға сотталды.

Пікірталас кезінде тек бір ғана жәбірленуші кәсіпкер Олжас Садық соттан әйелдің физикалық жағдайын ескеруді өтінді.

"Мен Перизат Қайраттың кінәсі дәлелденді деп есептеймін және айыптаушылар тарапынан сұралған жазаға қолдау білдіре отырып, талап арызды қанағаттандыруды сұраймын. Бірақ Ғайни Алашбаеваға келсек, мен оны аяймын. Оның денсаулығында кінәрат бар екенін біле отырып, менің жеке пікірім – оны үйқамақта қалдыру дұрыс болар еді", – деген еді Олжас Садық.

Қалған жәбірленушілер айыпталушыларды заң аясында барынша қатаң жазалауды сұрады.


Оқи отырыңыз: Перизат Қайрат ісі: Сот шешімімен қандай қымбат мүліктер тәркіленді


Перизат Қайраттың жауабы жабық режимде өтті. Ғайни Алашбаева жауап беруден бас тартты. Пікірталас пен соңғы сөз кезінде ол сөйледі ме, жоқ па – бұл белгісіз, себебі бұл сот отырыстарына БАҚ өкілдері қатыстырылмады.

Сот процесі басталарда Алашбаева журналистерден өзін суретке немесе бейнежазбаға түсірмеуді сұраған.

Перизат Қайраттан жауап алу жабық режимде өтті. Ғайни Алашбаева жауап беруден бас тартты. Сонымен қатар, соңғы сот отырыстарына БАҚ өкілдері қатыса алмады. Айыпталушы адвокатының да сөз сөйлеуі жабық режимде өтті. Бұған дейін қорғаушы Асланбек Дәулетияров журналистерге өз сөзінде бұл іске қатысты бұлтартпас дәлелдер келтіретінін мәлімдеген болатын.

Сот процесі басталғанда Перизат Қайрат тағылған айыптармен келіспейтінін айтып, өзін қорғауға ниетті екенін мәлімдеген еді.