Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиадада Қазақстан құрамасы дзюдодан екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, дзюдо сайыстарының алғашқы күнінде финалдық кезеңге екі қазақстандық спортшы жолдама алып, нәтижесінде үшінші орыннан көрінді.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық Лука Модебадзені жеңіп шықты.
Ал 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев украиналық Микита Холобородькодан басым түсіп, үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында таеквондодан 63 келі салмақта бақ сынаған Самирхон Абабакиров Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салғанын еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз