Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,89 теңгеге төмендеп, 529,44 теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 шілдедегі ресми бағамы долларға 533,61 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 529,55 теңге, сату – 531,49 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 527,55 теңгеден сатып алынып, 534,52 теңгеден сатылуда.