Орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысында орман қорының 100 гектардан астам жері қайтарылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Ақмола облысында орманға қатысты ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдалану заңнамасы бұзылған.
"Жосықсыз орман пайдаланушылармен жасалған шарттар бұзылып, ауданы 100 гектардан асатын, кадастрлық құны 1,3 миллиард теңге болатын төрт жер учаскесі қайтарылды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 1 миллионға жуық Қазақстан азаматы кедейліктің шегінде өмір сүріп жатыр
Орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң жауапкершілікке тартылды.