Ақмола облысындағы көлемі 100 гектардан асатын орман қоры мемлекетке қайтарылды. Облыстың Табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, орманды ұзақ және қысқа мерзімді пайдалану шарттарының талабы бұзылғанын анықтады.
Тексеріс қорытындысы бойынша жауапсыз орман пайдаланушылармен жасалған шарт бұзылды. Ауданы 100 гектардан асатын, ал кадастрлық құны 1,3 млрд теңге болатын 4 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Орман шаруашылығы мекемелерінің басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.