Оқиғаның себептері анықталып жатыр .

Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясында 280-ге жуық жолаушысы бар жолаушылар паромы отқа оранды, деп хабарлайды Xinhua агенттігі.

Оқиға "Барселона" паромы Манадо қаласына бағыт алып келе жатқан кезде, жағалаудан шамамен 60 шақырым қашықта болған.

Xinhua агенттігінің дерегінше, үш адам қаза болып, шамамен 150 адам құтқарылған.

"Қалған жолаушылардың нақты саны мен тізімі әлі жарияланған жоқ. Іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Оған екі кеме мен қайықтар тартылды", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Астанада 24 жастағы жігіт министрліктер үйіне өрт қойды: тергеу басталды