Оқиға 15 шілде күні болды.
Ақтөбеде парашютпен секіру оқу-жаттығуында курсант көз жұмды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚР ҚК әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі.
ҚР ҚК әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, курсант жоспарлы оқу-жаттығу кезінде парашютпен секірген. Сол кезде алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды.
"Алдын ала ақпаратқа сәйкес секіру кезінде әскери қызметшінің парашюті ашылмай қалып, орны толмас қазаға себеп болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан курсанттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажет көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 2025 жылы сатып алған қымбат көлігін декларациялауға міндетті