Ветеринарлардың алдын ала қорытындысы бойынша – жануарлар уланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Долинка маңындағы далада ондаған өлі қой мен қошқарды жергілікті тұрғындар тауып алған.

Малдар өздері үйреншікті жайылымда жайылғаннан кейін қырылып қалған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бірнеше меншік иесінің жүзден астам ұсақ малы қырылған. Жергілікті ветеринарлық қызметтің болжамынша, уланудың көзі жайылымдағы су болуы мүмкін.

«Қазір кешенді зертханалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Қырылудың нақты себебі сол зерттеу нәтижесі бойынша анықталады. Эпизоотиялық жағдай тұрақты және бақылауда – аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Мамандар улану көзін анықтау және мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша жұмысын жалғастырады», – деп хабарлады ветеринарлар.