Оның сөзінше, "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоры Amanat партияcы жанынан құрылған.

Сол себепті Перизат Қайрат сұрақ-жауап бөлімінде қордың құрылтайшылары да жауап беруі тиіс деп есептейтінін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша "ірі көлемде ақша жымқырды" деген күдікпен ұсталған ерікті бұрынғы "Nur Otan" (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының орынбасары, Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектен де жауап алуды өтінді.

– Сұрақ-жауап бөлімін қордың құрылтайшысынан бастаса деймін, себебі айыптау актісінің бірінші абзацында мені анаммен бірге қор құрды, жалған қол жинады деп айыптап отыр. Ал бұл қор партия жанынан, Бауыржан Байбек мырзаның басшылығымен құрылған. Барлық құрылтайшы – мені қоспағанда, кейбірі бұрынғы, ал кейбірі әлі күнге партияда жұмыс істеп жүрген қызметкерлер, – деп ешкім ойламаған мәлімдеме жасады Перизат Қайрат сот отырысында.

Судья сот отырысына қазір үзіліс жарияланды.

Бүгін сот Перизат Қайрат ісіне қатысты жаңа шешім шығарғанын хабарладық. Сонымен қатар Перизат Қайрат пен оның анасына қандай айып тағылғанын және олардың айыппен келіспейтінін жазған болатынбыз.