OPEC өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есебін жариялады .
Әлемдік экономикадағы жетекші ұйым Қазақстан мен Әзербайжан ұзақ мерзімді перспективада Еуропаны мұнаймен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады деп баға берді.
Еуропаға шикі мұнай мен конденсат экспорты 2050 жылға дейін тәулігіне шамамен 1,6 миллион баррель деңгейінде тұрақталады деп болжам бар, деп жазады inbusiness.kz сайты trend.az порталына сілтеме жасап.
Бұл ресейлік мұнай Еуропалық одаққа еркін ағып жатқан кезден айтарлықтай төмен болғанымен, баламалы Каспий жеткізушілерінің соның ішінде Қазақстан мен Әзербайжанның өсіп келе жатқан стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.
ОПЕК ЕО-ның ресейлік мұнайға эмбаргосы дәстүрлі жеткізу бағыттарын қайта бағдарлауға әкелгенін атап өтеді. Ресейден және тұтастай алғанда Каспий аймағынан импорт 2024 жылғы 1,8 миллион баррельден 2030 жылға қарай тәулігіне 1,7 миллион баррельге дейін төмендейді. Бұл жеткізілімдердің негізгі бөлігі ресейлік емес, Қазақстан мен Әзербайжанның үлесі айтарлықтай болады.
ОПЕК Ресей мұнайының Еуропаға экспорты қақтығысқа дейінгі деңгейге қайта оралуы екіталай деп санайды. Бұл Қазақстан мен Әзербайжанның еуропалық нарық үшін сенімді ұзақ мерзімді жеткізушілер ретіндегі ұстанымдарын нығайтады.
Бұған дейін ОПЕК+ сегіз елі – Қазақстан, Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт, Оман, Ирак, Алжир және Ресей тамыз айында мұнай өндіруді тәулігіне 548 мың баррельге ұлғайтуға келісті.