Алаяқтық үшін екі жыл сегіз айға сотталған және мерзімін өтеп шыққан Риза Мұсаханова абақтыда көрген сұмдықтарын ашық айтып берді. Оның сөзінше, темір тордың ар жағындағы әйелдердің өмірі сырттан көрінгеннен әлдеқайда ауыр әрі қорқынышты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Абақтыда ұзақ отырған әйелдердің мінезі мен болмысы өзгереді. Әйелдік табиғаты көмескі тартып, біреуі еркектің, біреуі әйелдің рөлін алып алады. Личностьтарын жоғалтады», — дейді ол.

Ризаның айтуынша, жылдар бойы ер адам көрмеген әйелдер өздері еркектік бейнеге еніп кетеді:

«Омырауларын таңып тастайды, шаштарын қырып тастайды, жүріс-тұрысы, походкасы — бәрі еркекке ұқсап кетеді».

Ол сондай-ақ абақтыға жаңадан түскен жас қыздардың басынан өтетін қиындықтарды да сипаттады.

«Жаңадан келген жас қыздарды ұзақ отырғандар тартып алады. Әйел мен күйеу рөлін ойнайды. Егер көнбесе, ұрады, соғады. Қорқытқаннан кейін олар көнеді де, солай өмір сүре береді», — дейді ол.

Риза Мұсаханова түрме ішіндегі бұл жүйенің өз заңдылығы бар екенін, оған қарсы тұру өте қиын екенін айтты.

«Ұзақ отырғандар өз ережесін орнатады, жаңадан келгендер амалсыз бағынады. Еркек жоқтықтан әйелдер бір-бірімен жақындасып, қарым-қатынасқа түседі», — деп түйіндеді ол.