Бұған қару-жарақты ұстау кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу түрткі болған.
Астанадағы әскери авиациялық база аумағында оқыс оқиға болып, әскери қызметші ауыр жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі зардап шеккен әскери бірден Астанадағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілгенін мәлімдеді. Қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан әскери қызметкер қарудан жарақат алған.
"Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланады, – деп хабарлады ҚК Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті түрде анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғалды.
"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралар жүргізілуде", – делінген баспасөз қызметі хабарламасында.