Бүгін қазақстандық сейсмологтер таңертең жер дүмпуі болғанын хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағына тиесілі, деп жазады inbusiness.kzhttp://inbusiness.kz сайты.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Астана уақытымен 8:29-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркегенін мәлімдейді.

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 321 шақырым қашықтықта, яғни Қытай аумағында орналасқан.

Әзірге Қазақстан аумағында жер дүмпуінің сезілуі туралы мәліметтер жоқ.

Еске сала кетейік, кеше елімізде жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.