Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Еуропалық одақ АҚШ тауарларына қарымта салық салуға әзірленіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еуропалық комиссия АҚШ пен ЕО арасындағы сауданы "әлемдегі ең маңызды коммерциялық қатынас" деп сипаттайды. Соған қарамастан шектеу құны жыл сайын 116 миллиард еуроға жетуі мүмкін. Брюссель тарифтердің екі нұсқасын дайындаған. Біріншісі бойынша кейбір ауыл шаруашылығы өнімдері мен мотоциклге салық салынады.
Еуроодақ әзірге Вашингтонның еуропалық болат, алюминий мен автокөліктерге 10 пайыздық тарифті алып тастауын күтіп тұр.
Екінші сценарийге сәйкес, "Боинг" ұшақтарына, автокөліктер мен вискиге шектеу көбейеді.