Қазіргі уақытта күдікті полицияға тапсырылды.

Біріккен Араб Әмірліктерінен тағы бір Қазақстан азаматы күдікті ретінде қайтарылды, деп хабарлайды бас прокуратура.

"Оған адамның денсаулығына қасақана зиян келтірді деген күдік тағылған. Алайда күдікті 12 жыл бойы ұстатпаған. Ол 2012 жылы 25 наурызда Теміртау қаласында бұзақылық ниетпен жәбірленушіге себепсіз бірнеше рет дене жарақатын салып, екі жерінен жақ сүйегін сындырды деген күдікке ілінді", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: 175 миллион теңге: Астанада алаяқтық фактісі бойынша 45 жастағы әйел ұсталды


Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, 12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында анықталды

Қазіргі уақытта күдікті полицияға тапсырылды.