Инфляцияның өсуіне ақылы қызметтер көп әсер еткен.
Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифін өсіру кейінге қалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Бірінші жартыжылдықта инфляцияның өсуіне (16,1%) ақылы қызметтер көп әсер еткен.
"Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Тариф дауына қарамастан, әлемде жолаушылар мен жүктің әуе тасымалы арта түсті