Абай Бегейдің қызы Сымбат анасын сағынғанын айтып, жан сырын ақтарды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әншінің қызы, блогер Сымбат Абайқызы әлеуметтік желідегі парақшасында анасымен бірге жүретін адамдарға қызыға қарайтынын жасырмады.

«Мама, Бүгін сенсіз өткен оныншы жылым… Сені қатты сағындым. Саған ешкім тең емес… Сенің берердей жұлуыңа ешкім тең жетпейді… Анасымен бірге жүрген адамдарға қатты қызыға қарайм.. Жылайм, ойлайм, сағынам күні-түні..Сенің келмейтініңді біле тұра.. Ешкімге көрсетпеуге тырысамын. Кейде өзіңді бір құшақтағым келеді.. 10 секунд болсада, осы өткен сенсіз 10 жылым сол бір құшақты талап етеді мам.. Сен маған керексің. Сенсіз қиын маған бұл әлемде дем алу да, күліп жүру де. Мама, мені ешкім ренжітпейді. Қасымда қорғаным әкем, жұбанышым күйеуім, жақындарым бар. Еш уайымдама. Өмір болғаннан кейін бәріміз мәңгі емеспіз, Аллаға қайтушымыз. Жәннәти болшы анашым, Алладан сұраймын», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесінің қызына қолдау білдіруде.

«Сырттай бәрі күшті көрінгенімен жүрегінде мұң бар екен ғой», «Қолдан келгенше күліп жүр, мұндай ойларыңды көппен бөлісе берме», «Ия, анаңның орнын ешкім баса алмайды, мықты бол», «Бірдеңе болып қалды ма, соңғы кезде көңілің жиі босап жүр», — деп жазды олар.