Бүгін Астанадағы халықаралық әуежайда жолаушылар легі айтарлықтай артқаны байқалды.
Әуежай әкімшілігі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ішкі рейстерге арналған екінші терминалында бір уақытта сегіз рейске қызмет көрсетілуде. Осыған байланысты ұшу аймағында шамамен 1000 адам жиналды. Дегенмен, ешбір рейс кешіккен жоқ. Қауіпсіздік қызметінің инспекторлары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Әуежай ұжымы жолаушыларға ертерек келіп, рейс мәртебесін онлайн тақтадан немесе әуе компания өкілдерінен нақтылауды ұсынады.
– Жаз мезгілі – әуе тасымалы үшін ең қызған шақ. Бұл кезеңде ұшулар саны артады. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып жатырмыз, – деп мәлімдеді әуежай өкілдері.