Бокстан еліміздің астанасында Әлем кубогы өтіп жатыр. Былғары қолғап шебері Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын ерте аяқтады, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осы тұста Мерей Ақшалов спортшының жеңілісіне бас бапкер жауапты екенін айтты.
«Баспен бастың түйісуі не қандай да бір лас әрекет болмады. Сондықтан, ережеге сәйкес жеңістің қырғыз боксшысына берілуі дұрыс. Енді бұл жағдайға жарыс аяқталғаннан кейін бас бапкер Қайрат Сәтжанов арнайы түсіндірме береді. Бұған қоса жарақатын біле тұра жарысқа қосқан дәрігерлер де жауапты», — дейді Қазақстан Бокс федерациясының бас хатшысы.
Айта кетейік, байрақты бәсекенің бүгін екінші күні. Шаршы алаңға шығатын боксшылар қатарында ағайында Оралбайлар мен Махмұд Сабырхан бар.