2024 жылғы Париж Олимпиадасың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің 1/8 финалында жеңіске жетті , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 80 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Мурад Аллахвердиевпен кездесті.

Тартысқа толы жекпе-жекте Нұрбек Оралбай айқын басымдық танытып, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) ширек финалға жолдама алған еді.

Өкінішке қарай, жарыстың алғашқы күні Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды.