Махмұд Сабырхан елорда төрінде өтіп жатқан Әлем кубогын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
55 келіде сынға түсіп жатқан отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Шин Жаеонгты жеңді. Есеп — 5:0 (30-25, 30-26, 30-26, 30-25, 30-25).
Ендігі кезекте Нұрбек Оралбай мен Мурад Аллахвердиев арасындағы жекпе-жегі өтеді.
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде құрама көшбасшыларының бірі Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымда жеңіліс тапты.