Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Ливия жағалауында 1 млн баррель мұнай артқан Vilamoura танкерінің бортында жарылыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Басылымның мәліметінше, оқиға 30 маусымда болған. Кеме гректің TMS Tankers компаниясына тиесілі. Жарылыс салдарынан кемеде су ағып, танкердің машина бөлмесін су басқан. Мұнай ағып кеткен жоқ, экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.
Жарылыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ, кеме келтірілген шығынды бағалау үшін Грекияға сүйретіліп бара жатыр, деп атап өтті TMS Tankers өкілі.
Бақылау қызметінің мәліметінше, бір күн бұрын Vilamoura танкері қазақстандық мұнайды тиеу үшін ресейлік мұнай терминалдарына екі рет кірген. Сәуір айында – Ленинград облысындағы Усть-Луга портында, мамырда – Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының терминалына кірген.
Кеме бортындағы жарылыс Ливияның Зейтин портынан Гибралтарға қарай сапар шегу кезінде орын алып отыр.
Vanguard Tech консалтинг компаниясының мәліметінше, жыл басында тағы төрт кеме жарылған. Олардың бәрі жақында Ресей порттарына кірген.