Алматы қаласының Әуезов ауданында «Газель» автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Апат Шаляпин көшесінде орын алды. Батыс бағытта қозғалып келе жатқан жүргізуші көлікті басқара алмай, аялдамаға соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2003 жылы туған қыз зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

Жол апатының себептері мен мән-жайы анықталуда.