Лифтіде ақау болған.

Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

"Бала велосипедпен лифтіге кірмек болғанда, оның есігі жабылып қалып, велосипед есік пен кабина арасына қысылып қалған. Кейін лифт жоғары көтеріліп, бала ашылып кеткен есіктен төменге құлап кеткен", – делінген хабарламада.

Қала әкімдігінің мәліметінше, лифтіде ақау болған. Зардап шеккендер жоқ, ешкім медициналық көмекке жүгінбеген. Қазіргі уақытта кезектен тыс техникалық тексеру жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Қазақстанға лифтілерді жаңғырту бойынша арнайы бағдарлама қажет пе? Үкімет жауабы